«Аталған заң жобасы еліміздегі мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату туралы ағымдағы жылғы тамыздағы ҚР Президентінің Жарлығын жүзеге асыруды көздейді. Заң жобасы Үкімет, орталық атқарушы органдар, орталық атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы құзыреттікті бөлуге бағытталған», деді депутат Сейітсұлтан Әйімбетов. Оның айтуынша, ҚР Президенті аталған құжатты қарауды шұғыл деп жариялаған болатын. Осыған орай, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті заң жобасына оныншы қыркүйекке дейін қорытынды шығаратын болады.
Бұдан бөлек, Мәжіліс «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да өндіріске алды. Бұл құжат да Елбасы тарапынан шұғыл деп жарияланған.