«1056 шақырым болатын Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы учаскелерді қайта салу үшін негізгі қаражат туралы келісімге 2009 жылы 13 маусымда қол қойылды. Сонымен қатар 80 шақырым болатын Шымкент-Жамбыл облысы шекарасы жолын салуға жаңа учаске қосылып, 2013 жылы 23 мамырда қарыз туралы келісімге қатысты №1 түзетуге қол қойылды. Қазіргі уақытта аталған учаскелерде құрылыс жұмыстары аяқталып, жол пайдалануға берілді. Конкурстық рәсімдердің нәтижесі, сондай-ақ ұлттық валютаның девальвациясынан кейін үнемделген қаржы қалды. Жалпы, үнемделген сома 359 млн АҚШ долларын құрады», - деп атап өтті ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек заң жобасы бойынша баяндамасында.
Оның сөзіне қарағанда, Үкімет үнемделген қаражат - 271,2 млн долларды «Күрті-Бурылбайтал» (85 шақырым) және «Ұзынағаш -Отар» (96 шақырым) учаскелерін қайта салуға жұмсауға шешім қабылдады.
«Аталған қаражат ұзындығы 181 шақырымдық асфальтбетонды төрт жолақты жолды, 14 көмір мен 181 су өткізгіш құбыр құрылысына жұмсалатын болады. «Күрті-Бурылбайтал» және «Ұзынағаш -Отар» учаскелерінің жобаларын үнемделген қаражат есебінен іске асыру көзделген. Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2018-2020 жылдарға жоспарланған», - деді Ж. Қасымбек.