«Мәжіліс үш партиядан жасақталады» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 18 қаңтар, сәрсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

 ***

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық қаруды таратпау және қарусыздану үшін парламентшілер ода­ғы­ның жаһандық үйлес­ті­ру­шісі Алин Варені қабылда­ды.Кездесу барысында ядролық қарусыздану және таратпау са­ла­сындағы халықаралық ынтымақ­тастық мәселесі талқыланды. «Сіздердің қызметтеріңіз ме­нің жер бетінде ядросыз әлем құру жөніндегі идеяларыммен то­лық сәйкес келеді. Мен осы үде­ріске қатысуға дайынмын және осы бағытта іс жүзінде нақты қадамдарға барып жүрмін»,-деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Кездесу барысында көтерілген мәселелерді «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санындағы «Елбасы көшбасшылығына берілген жоғары баға» атты материалдан оқыңыздар.

 Сондай-ақ осы басылымының  жазуынша, кеше Орталық сайлау комиссиясы бесінші шақы­рыл­­ған Қа­зақстан Республикасы Парла­менті Мәжілісі депу­тат­тарының кезектен тыс сай­­­лауының қорытындыларын жария етті.Орталық сайлау комиссия­сы­ның төрағасы Қуандық Тұрған­құ­ловтың атап өтуінше, еліміз бойынша сайлаушылардың тізім­деріне 9 303 699 сайлаушы ен­гізілді. Олардың ішінен 7 018 927 адам дауыс берді. Бұл тізімге енгізілген сайлаушылардың 75,4 пайызын құрайды. Дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 178 385 сайлаушы дауыс берген. Орталық сайлау комиссия­сы­ның хатшысы Бақыт Мелде­шов­тің келтірген мәліметтеріне қа­ра­ғанда, сайлауда «Нұр Отан» ХДП сай­лау­шы­лардың 80,99 пайызын, Қазақ­станның «Ақ жол» демо­кра­тиялық партиясы 7,47, Қазақстан Коммунистік ха­лық партиясы 7,19, пайыз даус жинаған. Сайлау қорытындыларын жөнінде толық мәлімет алғыңыз келсе, «Егемен Қазақстан» бүгінгі санындағы «Мәжіліс үш партиядан жасақталады» атты мақаланы қараңыз. 

***

«Литер» басылымы бүгінгі санында «Бүгінгі сауал» айдарымен жаңа сайланған Мәжіліс қызметіне қатысты танымал азаматтардың пікірлерін беріпті. Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының төрағасы Серік Ахановтың айтуынша, Қазақстан осы уақытта Еуропа елдерінің бірқатарына әсер етіп үлгерген дағдарыстың екінші толқынының зардабын сезінеді. Сондықтан дағдарысқа қарсы шараларды ерте бастан ойластырып, әрекет жасау керек. Бұл мәселенің дер кезінде шешімін табуы көбіне  депутаттардың жеделдігі мен кәсібилігіне байланысты болмақ. Ал экс-депутат Майра Айсинаның айтуынша, бірпартиялы Мәжілістің ерекшелігі онда партиялық тәртіп бар болатын. Ал жаңа Мәжілісте бұрынғыға қарағанда, пікір таластыру көп болады. Өйткені «Ақ жол» партиясының міндеті бизнестің мүддесін қорғап, оның мемлекет мүддесінің алдына қоюы керек. Ал коммунистер сайлаушыларға тым көп уәделер беріп қойды. Қалай болғанда да Парламентте жаңа партиялардың пайда болуы қарама қайшы пікірлердің мол болуына ықпал етеді.

***

«Казахстанская правда» басылымы ұлыбританиялық байқаушы, Қазақстан жөніндегі Бүкілпартиялық, парламентаралық топтың төрағасы лорд Джон Уэйверлидің елде өткен науқанға жоғары баға бергендігін жазады. Байқаушының пікірінше, Қазақстан елді демократияландыру бағытынан тайған жоқ. «Мен Қазақстан басшысының Жаңаөзенде сайлау өткізбеу жөніндегі Конституциялық кеңестің шешіміне вето қоюын қолдайтындардың қатарындамын. 20 жыл ішінде Қазақстан елді демократияландыру бағытында ауқымды істер атқарды. Осы елде өткен кезектен тыс сайлау Парламентте бір емес бірнеше партияның  болуына жол ашты. Бұл өз кезегінде заң шығарушы органның қызметіне  тың серпіліс береді деген ойдамын»,-дейді лорд.Бұл туралы «Казахстанская правда» басылымының бүгінгі санындағы «Прозрачно и демократично» атты мақаладан оқыңыз.