Мәжіліс үйінде елдің денсаулық сақтау саласының дамуына арналған көрме ашылды

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс үйінде елдің денсаулық сақтау саласының дамуы мен жетістіктерін бейнелейтін көрме ашылды.

Бұл көрмені ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырды.

Көрмеде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдары көрініс тапты. Еліміздегі дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорындардың өнімдері көрсетілді. Жаңа заманауи технологиялардың көмегімен емдеу әдістерін баяндайтын фотосуреттер мен түсіндірме материалдар да көрмеден орын алды.

Аталған көрме Мәжілісте өткен «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші жылының қорытындысы»тақырыбындағы Үкімет сағаты шеңберінде дайындалды.