Естеріңізге сала кетейік, Б. Ізмұхамбетов ағымдағы жылдың 15 тамызындағы ҚР Президенті Жарлығына сәйкес, Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.
«ҚР Конституциясының 52 бабы, 2, 3 және 8-і тармағына және «Парламент және оның депутаттары туралы» Конституциялық заңның 24-бабына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным жасайды. Б. Ізмұхамбетов 15 тамыздағы Президент Жарлығына сәйкес, Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалған болатын», - деді жалпы отырыста баяндаған Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.
Осыған орай, палата депутаттары ОСК қаулысын мақұлдап, өкілеттікті мерзімінен бұрын тоқтатты.