12:14, 16 Маусым 2009
Мәжіліс: Заң жобасы көлік жүргізушісінің құжаттарынан талонды алып тастауды көздейді
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Заң жобасы механикалық көлік құралы жүргізушісінің өзінде болуға міндетті құжаттардың тізбесінен талонды алып тастау мақсатында әзірленді.
Осындай түсінік берілген еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасы бірінші оқылымда талқылауға дайын. Бұл жөнінде Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті қорытынды шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қолданылған әкімшілік жазалар туралы ақпаратты жүргізуші куәлігінің талонында көрсету туралы талапты белгілейтін нормаларды алып тастауға бағытталған түзетулер енгізіліп отыр.Құжатты талқылау мәселесі ертең, маусымның 17-сі күнгі Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібіне енгізілмекші.