Мәжіліс: Заң жобасы міндетті сақтандыру саласындағы тетіктерді жетілдіруді көздейді

АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Заң жобасының негізгі тұжырымдамалық бағыты – сақтандырудың міндетті түрлерін жүргізу шарттарын және тәртібін жетілдіру.

Осындай түсінік берілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысында талқыға түсетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасының негізгі мақсаты сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілердің жекелеген ережелерін нақтылау және жетілдіру, өзара сақтандыру қоғамдарының дамуын одан әрі ынталандыру, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың мүліктік және әлеуметтік мүдделерінің құқықтық тұрғыда қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.Заң жобасы міндетті сақтандыру саласындағы тетіктерді жетілдіруге, өзара және міндетті сақтандыру саласының одан әрі дамуы үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.