Мәжіліс: Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы заң жобасы талқыланады

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Ертең, 17 сәуір күні, Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған

кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымға шығару барысындағы мәселелер талқыға салынады.

Бұл отырыс аталған комитеттің хатшысы Екатерина Никитинскаяның жетекшілігімен өтеді.

Атап өту керек, атаған заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған болатын.