Бюро отырысында алдағы аптада Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер сарапқа салынды.
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұсынуымен бірқатар заң жобалары депутаттардың талқысына шығарылатын болды. Атап айтқанда, «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы келісімді ратификациялау туралы», «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын құру және қолдану тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы», «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында әскери мақсаттағы өнімдерді шығару жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-өндірістік бірлестіктерді құрудың жалпы қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы», «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары жалпы отырыстың күн тәртібіне енгізілмек.
Бюро отырысында Мәжілістің заң шығармашылық ісіне қатысты басқа да мәселелер қаралды.