Мәжіліс және мәслиxат депутаттарының сайлауын бірге өткізу қаражатты үнемдейді - Қ. Тұрғанқұлов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс және мәслиxат депутаттарының сайлауын бірге өткізу қаражатты үнемдейді. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

«Біз бүгін мәслиxат депутаттарының сайлауын тағайындау туралы қаулыны қабылдадық. Бұл негізінен екі сайлауды біріктіру қаражаттың үнемделуіне алып келетіндіктен болып отыр. Сонымен қатар біз осылайша жыл бойы электоралды мерзімді қысқартамыз. Біз бүгін Мәжіліс пен мәслиxаттың сайлауына қатысты қалыпты құжаттарды қабылдадық. Яғни, бізге тек күнтізбені өзгерту ғана керек болатын. Сондықтан біз шұғыл қаулы қабылдағанға таңқалмаңыздар. Тағы бір рет қайталаймын, құжаттардың барлығы - стандартты құжаттар», - деді ол.

Айта кетейік, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау 20 наурызға, ҚХА атынан ұсынылатын депутаттардың сайлауы 21 наурызға белгіленді.