«Аталған заң жобасы мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қоғамдық қатынастарды тиімді реттеуге бағытталған. Заң жобасының ережелері жастардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету, білім беру, жұмысқа орналасу, медициналық қызмет көрсету, цифрлық сауаттылықты арттыру және жастар арасында волонтерлік қызметті дамыту механизмдерін реттейді», - деді депутат Жәмилә Нұрманбетова Мәжілістің жалпы отырысында.
Осы орайда ол Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті құжат бойынша қорытындыны 2022 жылғы 28 желтоқсанына дейін әзірлеуге дайын екенін айтты.