Заң жобасы Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленген. Елбасы «Қазақстан2050 Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында отандық мал шаруашлығын дәстүрлі түрде жүргізу үшін жаңа ғылыми-технологиялық басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту мен қайта жаңғыртуды тапсырған болатын.
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 35-і және 97-і қадамдарында осы бағытта міндеттер жүктелген. Ал заң жобасын қабылдау ауыл шаруашылығындағы жерлерді кешенді пайдалануға, елді мекендердің аумағындағы жайылым жерлердің жағдайын жақсартуға бағытталады. Бұдан бөлек, жайылымдардың тозу процесстерінің алдын алу, тұрақты жем-шөп базасын құру үшін, табиғи жайылымдық алқаптардың әлеуетін арттыру мәселелері қамтылатын болады. Экологиялық таза мал шаруашылығы өнімдерін ұлғайтып, жергілікті маңызды мәселелерді шешудегі өзін-өзі басқаруға жағдай жасау шаралары да көзделіп отыр», деді Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров.
Заң жобасына Үкіметтің оң қорытындысы мен басқа да сараптамалар алынған. Алдағы уақытта депутаттар осы заң жобасын жұмыс топтарында кеңінен талқылауға кіріспек.