«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерге келісімін берді.
Аталған заң жобасы «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» негізгі Заңға ілеспе құжат болып табылады.
Бұл заң жобасының басты жаңалығы босқынның еңбек ету еркіндігі құқығын ескере отырып, жұмысшыда босқын куәлігі болған кезде еңбек шартын жасасуға мүмкіндік берілетін түзетулерді қарастырады. Сонымен қатар, бала асырап алу құпиясын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органға жаңа жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру құқығы беріліп отыр.
Сенатта талқылау барысында заң жобасына бірқатар түзетулер енгізілген болатын. Атап айтқанда, сенаторлар «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» заң нормаларынан азаматтарды тіркеу кітабын алып тастау туралы өзгеріс енгізген. Бұдан бөлек, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» заңдағы жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжаттар тізбесінен босқын куәлігін алып тастау ұсынылған. Мәжіліс аталған түзетулерге келісімін берді.