Құжатты қабылдау мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауының ашықтығын қамтамасыз етуге, бизнеске құқыққа орынсыз араласушылық мүмкіндігін болдырмауға, жер қойнауы саласында барлық деңгейдегі әкімшілік кедергілерді алып тастауға ықпал ететін болады. Енгізілетін өзгерістер тікелей шетелдік инвестициялардың келуіне және геологиялық-барлау саласында кәсіпкерлікті дамытуға әрі жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Сенат заң жобасына әкімшілік айыппұл туралы ұғымға өзгерістер енгізуге байланысты заң жобасына қосымша тармақ енгізген еді. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге негіз болатын сараптамалардың түрлерін анықтау туралы түзету жасалған. Бұдан бөлек, осы саладағы орталық мемлекеттік органның функциясы нақтыланды. Тұтастай алғанда, Парламент қабылдаған заң бойынша Жер және Экологиялық кодекстеріне, Салық кодексіне, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Магистральды құбыр туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр.