деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, ҚР Президенті жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес министрліктің нотариат пен адвокатураның қызметін жетілдіру туралы ұсынысын қолдаған. Ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі мақсаты - халықты қол жетімді құқықтық көмекпен қамтамасыз ету мақатында нотариустар мен адвокаттардың қызметтерін жетілдіру болып табылады. Атап айтқанда, заң жобасында халықаралық стандарттарға сәйкес, нотариаттық және адвокаттық қызметті лицензиялау процедурасын қайта қарау ұсынылып отыр. «Нотариусты дислокациялау орнын квоталау және бөлу жүйесі көптеген наразылық туындатады. Осы мәселе бойынша Мемлекет басшысымен болған «тікелей желіге» көптеген сұрақтар түсті. Осыған байланысты нотариалдық қызметті іске асыруды, халықтың санын және өңірлердің өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, квоталау институтын жою қарастырылып отыр», деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, округта нотариустардың ең аз саны бекітілетін болады. Бос орын пайда болып, оны жеке нотариус толтырмаған жағдайда, әділет органдары ол аумаққа мемлекеттік нотариусты енгізуге міндетті. Бұдан бөлек, жобада нотариусқа үміткерлерге қойылатын талапты қатаңдату және осы саладағы мемлекеттік бақылауды күшейту жоспарланып отыр.