Мәжілісмен Жамбыл Ахметбеков оралдық тұрғындармен кездесті

None
ОРАЛ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - БҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚХКП атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков сайлаушылармен - ҮЕҰ мүшелері, облыстағы өзге де саяси партиялар өкілдерімен кездесті.

Сапар мақсаты - Елбасы Жолдауын түсіндіру,  бесінші шақырылымдағы Парламенттің жұмысы туралы хабардар етіп, партияның болашақ жұмыс жоспарларын талдап-талқылау.

«Ел үшін маңызды біздің партиямыздың көптеген негізгі бағыттары Елбасы Жолдауында көрініс тапты. Елбасымыздың Жолдауын тыңдау кезінде менің өзім жеті мәрте тұрып, қол соқтым. Баршамыздың мақсатымыз қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталуда», - деп атап өтті Жамбыл Аужанұлы.

Сондай-ақ Ж.Ахметбеков кездесуде әлеуметтік мәселелерге де тоқталды. Депутат зейнетақымен қамту, жастар саясаты сынды негізгі тақырыптарға баса көңіл аударды.

Мәжіліс депутаты жұмыс сапары барысында облыстағы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің мамандарымен кездесулер өткізіп, аудандарға шығуды жоспарлап отыр.