Мәжілісмендер өңірлерде азаматтарды қабылдауда

None
ОРАЛ. 12 сәуір. ҚазАқпарат - 11 сәуір күні «Нұр Отан» ХДП-ның БҚО филиалында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Самиғолла Оразов пен Елена Тарасенко азаматтарды қабылдау жүргізді.

Ұзын-ырғасы 20-ға жуық адам депутаттардың қабылдауында болды, өздерін толғандырып жүрген мәселелерін айтып, ақыл-кеңес алды. Қойылған сауалдардың көбі тұрғын үй, зейнетақы мен жәрдемақы төлеудегі олқылықтарға қатысты болды. Тұрғын үйге қатысты мәселе көтергендердің қатарында екінші топтың мүгедегі Роза Хасанова, Надежда Гущак және тағы басқалары болса, Павел Цесар өзіне төленетін зейнетақының мөлшеріне риза емес. Нина Большакова бастаған бір топ тұрғын «Жайық» базары аумағындағы жабайы базарды жабуды талап етеді. Қоғамдық қабылдау барысында азаматтардың арыздарына орай депутаттар өз сауалдарын тиісті орындарға жолдап, нақты жауап беретіндіктерін жеткізді.