Бес мыңнан астам халқы бар ауыл алкогольден толық бас тартқанымен танымал, оның орнына қымыз және басқа да зиянсыз сусындарды артық көреді.
Сондай-ақ ауыл «Ozen» қайырымдылық қорының «100 қазақ ауылы» бағдарламасы аясында тест платформасы ретінде таңдалған.
Мәжілісмендермен кездесуде жоба авторлары қордың қызметі мен мақсаттары туралы айтып берді.
«Біздің мақсатымыз дарынды балаларға арналған білім беру және спорт, шағын кәсіпкерлік, медицина және инфрақұрылым саласындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру арқылы Қазақстан ауылдарының экожүйесін дамыту болып отыр. Қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты жоюға, цифрландыруды дамытуға және сапалы интернетті қолжетімді етуге тырысамыз. Сондай-ақ кәсіпорындар ашу есебінен жұмыссыздықты азайтқымыз келеді», - деді жоба авторларының бірі Нұржан Ниязалиев.
Сондай-ақ мәжілісмендер қор қаражаты есебінен салынған спорт кешенін аралап, жаттығу жасап жатқан балалармен тілдесті.
Онда 100-ге жуық бала күрес және бокс үйірмесіне қатысады.
Сонымен қатар Ерлан Қошанов пен Руслан Берденов қор қаражатына салынып жатқан колледж құрылысын қарап шықты.
Бұл колледжде 500-ге жуық бала заманауи және жайлы жағдайда оқуға мүмкіндік алады.
«Түркістанда халық саны көп болғандықтан инфрақұрылым мәселелері бар. Мемлекет тарапынан бөлек осындай бизнесте жүрген азаматтардың бастамашылық танытып, үлкен іс жасап жатқандары қуантады», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.