Мәжілісте ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелеріне қатысты заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтеді
10:28, 07 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл шараны Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ұйымдастырып отыр.Заң жобасында ақпараттық-коммуникациялық желілерде деректерді беруді реттеудің жаңа тетігі ұсынылады.