Осы мәселе бойынша депутаттар алдында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова баяндама жасайды. Сонымен қатар баяндамашы осы мәселе төңірегінде депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.
15:29, 15 Қазан 2010
Мәжілісте әлеуметтік-еңбек саласының жай-күйі мен оны дамытудың негізгі басымдықтары туралы Үкімет сағаты өтеді
АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат - Қазанның 18-і, дүйсенбі күні, Мәжілісте «Әлеуметтік-еңбек саласының жай-күйі мен оны дамытудың негізгі басымдықтары туралы» деген тақырыпта Үкімет сағаты өтетіні жоспарланып отыр.