Мәжілісте арнайы экономикалық аймақтарға қатысты заң жобасының таныстырылымы өтеді

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін, сәрсенбі күні, Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да таныстырылады.

Бұл шараны Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ұйымдастырып отыр.

Отырыста Заң жобасының мақсаты жөнінде ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау баяндама жасайды деп күтілуде.

Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Жексенбай Дүйсебаев жетекшілік жасайды.