Мәжілісте ауған соғысы ардагерлеріне мемлекеттік марапаттар табысталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінде Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін ауған соғысы ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекеттік әрі қоғамдық қызметі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірнеше адам марапатталды.

Осы орайда Парламент Мәжілісінде депутат Бақытбек Смағұл «Құрмет» орденін Анатолий Боровскийге, «Ерен еңбегі үшін» медалі Ержан Данабековке, «ҚР Құрмет грамотасы Савет Айтбаевқа табыстады.