Мәжілісте бюро отырысы өтті

None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін спикер Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен өткен  Мәжіліс Бюросында  алдағы аптада өтетін палатаның жалпы отырысында қаралатын күн тәртібі нақтыланды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бюро қаулысына сәйкес, Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң  жобасын бірінші оқылымға талқылауға шығаратын болды. Бұдан бөлек, Мәжіліс Бюросы бірқатар салалық комитеттерге Үкіметтен жаңадан түскен «2000 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» (Халықаралық істер, қорғаныс және  қауіпсіздік комитеті), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» (Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті) сонымен қатар, «Азаматтық қорғау мәселелері бойынша заң жобаларына (Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті) ілеспе түзетулерімен  қорытынды әзірлеуді тапсырды.