Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да таныстырылады.
Бұл шараны Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұйымдастырып отыр.
Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Рамазан Сәрпеков жетекшілік жасайды.