Мәжілісте электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер таныстырылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 22 желтоқсанда Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының таныстырылымын өткізеді, деп хабарлайды parlam.kz.

Заң жобасының таныстырылымына Парламент Мәжілісінің депутаттары, энергетика, ұлттық экономика, әділет және қаржы министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан электр энергетикалық ассоциациясының, «KEGOC» АҚ және Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциацияның, «Кazenergy», ТККА сияқты өнеркәсіп және энергетика саласындағы басқа ассоциациялар мен бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ «Ауыл», «Бірлік», Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның және өзге де үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылды.