Мәжілісте «электрондық үкіметті» дамытуды көздейтін заң жобасының таныстырылымы өтеді

АНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат. - Ертең, қарашаның 10-ы күні, Мәжілісте еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстанның «электрондық үкіметін» дамыту мәселелері бойынша түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасының таныстырылымы өтеді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасын реттеу мәні ақпараттық жүйелерді қолданып, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді реттейтін құқықтық нормаларды белгілеу жолымен Қазақстанның «электрондық үкіметі» жүйесін дамыту мәселелері болып табылады.

Заң жобасының таныстырылымын Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ұйымдастырып отыр. Депутаттар алдында ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Ерлан Дүрмағанбетов еліміздегі «электрондық үкіметтің» даму барысы, оның бүгінгі жаңалықтары жөнінде баяндама жасайды.

Аталған заң жобасы бойынша жұмыс тобына депутат Шафхат Өтемісов жетекшілік жасайды.