Бұл туралы мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
Аталған екі заң жобасын күн тәртібіне Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ұсынды. Оның біріншісі отбасылық міндеттемелері бар ер және әйел еңбекшілерге тең қарау және тең мүмкіндіктер беру туралы 156-конвенцияны ратификациялауды қарастырады. Екінші жоба еркін сауда аймағы туралы шартты ратификациялауға қатысты.
Парламенттің енді басталған екінші сессиясында Палата «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылатын болады.
Бұнымен қоса заң қоржынын «Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасы туралы шартты ратификациялау туралы» және «Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері өкілдіктерінің қызметі мәселелері бойынша кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары толықтырмақшы. Жоғарыда аталған үш заң жобасына да Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті қорытынды әзірлейтін болады.