деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заң жобасының мақсаты да баяндалады.
Бұл шараны Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті ұйымдастырып отыр. Осы аталған комитеттің төрағасы Ерлан Нығматулиннің берген мәліметіне сүйенсек, заң жобалары туралы депутаттар алдында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау баяндама жасайды деп күтілуде.
Бұл заң жобасы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі Жарлығына сәйкес әзірленген. Энергетикалық ресурстарды пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды және жеке және заңды тұлғалардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін жоғарылату жөніндегі құқықтық, экономикалық және қызметтің ұйымдық негізін реттейді.
Заң жобасы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы негізгі секторларға: өндіріс, тұрғын үй-коммуналдық, бюджет секторларына назар аударуды көздейді.
Заң жобасын қабылдау энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, ішкі жалпы өнімнің энергияны қажетсінуін төмендетуге және Қазақстан экономикасының тиімді энергиялық дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Ерболат Әпсәлямов жетекшілік жасайды.