Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының мақсаты да баяндалады.
Бұл шараны Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ұйымдастырып отыр.
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Бекен Әлімжановтың мәліметіне сүйенсек, заң жобалары туралы депутаттар алдында ҚР Білім және ғылым министрлігінің басшылығы баяндама жасайды деп күтілуде.
Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Майра Айсина жетекшілік жасайды.