«24 қарашада өтетін Парламенттік тыңдауға Мәжіліс басшылығы және Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов қатысады деп жоспарланып отыр. Тыңдауға Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың, сондай-ақ сумен жабдықтау және су тарту жүйесі кәсіпорындары өкілдерінің тақырыптық баяндамалары тыңдалады деп қарастырылуда», - делінген баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ отырыста Мәжіліс депутаты, Парламенттік тыңдауды әзірлеу жөніндегі арнайы уақытша комиссиясының жетекшісі - Сәкен Өтебаев баяндама жасайды.
Шараға Парламент өкілдері мен орталық және жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық сарапшылардың, ғалымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады деп жоспарланған.