10:07, 09 Сәуір 2009
Мәжілісте Қаржы министрлігінің өткен жылғы жұмысының қортындылары мен алдағы міндеттері жария етіледі
АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Сәуірдің 13-інде Мәжілістің отырыс залында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Жәмішевтің қатысуымен Үкімет сағаты өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Үкімет сағаты «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы жұмысының қорытындылары және 2009 жылға арналған міндеттері» тақырыбын қамтыған.Мәжіліс депутаттары алдында Қаржы министрі Б.Жәмішев баяндама жасап, сұрақтарға жауап береді.