деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аталған келісімге 2009 жылдың наурызында қол қойылған. Келісім екіжақты халықаралық шарт болып табылады және қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында жасалады», дейді заң жобасы бойынша баяндама жасаған Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов.
Оның айтуынша, Қазақстан мен Финляндия арасындағы сауда айналымы 2009 жылы 760 млн. долларды, 2008 жылы 1 млрд. долларды құраған болатын. Мұндағы қазақстандық экспорттың негізгі бағыттары тазартылған мыс және одан жасалған құралдар, шикі мұнай болса, импорт құрылымында көлік және байланыс құралдары, электр-техникалық жабдықтар, металл бұйымдарын құрап отыр.