Мәжілісте Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жағдайы және даму болашағы туралы дөңгелек үстел өтеді
15:56, 19 Қаңтар 2011
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Ертең, 20 қаңтар күні Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жағдайы және даму болашағы» деген тақырып бойынша дөңгелек үстел өтеді.
Осы басқосуда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқов, Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Андар Шоқпытов, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов баяндама жасайтыны жоспарлануда.
Дөңгелек үстелге парламентшілермен қатар «Казкоммерцбанк», «БТА Банкі», «Банк ЦентрКредит», «Қазақстан Халық Банкі», сондай-ақ Қазақстан бойынша «VISA» және «Master Card» халықаралық төлем жүйесінің өкілдері қатысып, өз пікірлерімен бөліседі.