Мәжілісте қазіргі экологиялық проблемалар және оларды шешудің жолдары туралы Үкімет сағаты өтті
Үкімет сағатында аталған тақырып бойынша ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов баяндама жасады.
Өзінің сөйлеген сөзінде министр қазіргі экологиялық проблемалардың тарихи қалыптасып, жылдар бойы жинақталғандығын атап өтті. Бүгін ол тек ел денсаулығына ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға, толықтай алғанда мемлекеттің орнықты дамуына теріс ықпалын тигізіп отырғандығына тоқталды.
Қолданылатын шаралар кешені Қазақстан Республикасындағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Тиімді экологиялық таза технологияларға көшу үшін алғышарттар жасалған. Дегенмен климаттың өзгеруі, биоәртүрліліктің жоғалуы, жердің шөлейттенуі және бұзылуы, экологиялық апат аймағы, тарихи ластанулар үлкен көлемдегі жинақталған қалдықтар - бұлардың барлығы республиканың шешілмеген экологиялық проблемаларының барлық тізбесі емес. Министр осы және басқа да шешуді талап ететін проблемалар министрліктің үнемі назарында екенін мәлім етті.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «2010-2014 жылдарға арналған Жасыл даму» Бағдарламасының жобасын әзірлеген. Оның негізгі бағыттары айқындалып отыр. Атап айтқанда, «жасыл экономиканы» дамыту, халықтың денсаулығы және қоршаған орта компоненттеріне антропогендік әсерді төмендету, табиғи экожүйелерді қалпына келтіру және сақтау, қоршаған орта сапасын басқару жүйесін жетілдіру және дамыту бағыттары белгіленген. Ағымдағы жылдың шілде айында бағдарлама жобасы Үкіметке енгізіледі.
Министр сонымен қатар табиғатты қорғау іс-шараларын қаржыландыру мәселесіне тоқталды. Соңғы үш жыл ішінде қоршаған орта эмиссиясына түскен жалпы төлемнің 27 пайыздан аспайтын мөлшері жергілікті атқарушы органдармен табиғатты қорғау іс-шараларын қаржыландыруға бағытталды. Жергілікті бюджетке түскен төлем мәліметінің талдауы табиғатты қорғау іс-шараларын қаржыландыруға бөлінген қаражат көлемі, түскен төлемнің маңыздылығына қарамастан көбеймей отырғандығын көрсетеді.
«2002 жылы Йоханнесбургте өткен Орнықты даму жөніндегі Дүниежүзілік Саммитте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысушыларға: «Орнықты даму - бұл жай ғана сөз тіркесі емес. Бұл адамзат өмір сүруінің формуласы» екендігі жайлы атап өтті. Біз Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасының дайындық кезеңін ойдағыдай іске асырдық. Орнықты дамудың нысаналы көрсеткіштері өткен жылдан бастап министрліктің және республика аймақтарының стратегиялық жоспарларына ендірілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу кезінде ескерілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «табиғи ресурстарды үнемдеу мен ұтымды пайдаланудың технологиялары мен бағдарламаларын енгізуді экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторларды оңтайлы ұштастыру қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырған абзал» деп атап өтілді»,- деді министр.
Осы бағыттар негізінде министрліктің қызметі басым бағыттар бойынша жұмыстар жүргізуде:1. Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту. 2. Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тетіктерін құру. 3. Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті жаңғырту және жүргізу.
Министрлік әзірлеген жаңа нормативтік құжаттарды қабылдау арқасында рұқсаттар беру кезінде талаптарды қатаңдатуға, өндірістік экологиялық бақылауды күшейтуге және сот тәжірибесін кеңейтуге мүмкіндік берген.
Қазақстанда халықаралық көміртекті сауда алаңына қосылатын ішкі көміртекті нарығын құру үдерісі басталды. Жұмыс «Еуразиялық Сауда Жүйесі» Тауарлық Биржасы» акционерлік қоғамымен бірлесіп жүргізілуде. Жылдың соңына қарай заңнамалық базаны қалыптастыру бойынша жұмыстар аяқталып, нарық өз қызметін 2011 жылы бастауы тиіс.
Министрлік көпжақты Даму Банктерінің бірлескен миссиясымен Таза Технологиялар Қоры бойынша келіссөздер жүргізген.
Сондай-ақ министрлік ағымдағы жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия елдерінің және алдағы жылы Еуропалық елдерінің қоршаған орта министрлерінің конференциясына дайындық үдерісі шеңберінде жұмысын жалғастыруда.
Сонымен қатар Аралды құтқару Халықаралық қорының Орнықты дамуы жөніндегі Мемлекетаралық комиссиясы шеңберінде жұмыс жүргізілуде.
«Орта Азия елдерінің қоршаған орта жөніндегі Негіздемелік конвенциясын ратификациялау бойынша Сыртқы істер министрлігі Сараптама кеңесінің мақұлдауы алынды. Ресей тарапымен «Байқоңыр» кешені аумағында Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтауды көздейтін жаңа Хаттаманың ережесі келісілді. Бүгінгі күні мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген Хаттама жобасы Әділет министрлігінің заң сараптамасынан өтуде. 2010 жылдан бастап Министрлік «Байқоңыр» ғарыш айлағында табиғат қорғау заңнамасын сақтауға алғаш рет тексеріс жүргізуді бастады. Каспий теңізі теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенциясын іске асыруда 2010 жылғы қазанда Астанада өтетін 3-ші тараптар конференциясына жерүсті көздерінен ластануды алдын алу жөніндегі хаттамаға қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Біз министрліктің алдына Елбасы және Үкімет қойған міндеттерді шешу қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз етуге экологиялық қауіпсіздіктің басты мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігіне сенімдіміз»,- деді ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов.
Үкімет сағатында күн тәртібіндегі мәселе бойынша депутаттар баяндамашыға көптеген сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын жария етті.
Үкімет сағатының соңында министр бүгінгі тақырыпты жан-жақты талқылап, осы саланың өзекті мәселелерінің шешімін табуға қолдағандары үшін депутаттарға алғысын білдірді.