Дөңгелек үстелде «Магистралдық құбыр туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистралдық құбыр мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының тұсаукесерін өткізу және оларды тұжырымдамалық талқылау жоспарланып отыр.
Заң жобаларының ережелерін талқылау үшін Дөңгелек үстелге заң жобасын әзірлеушілер - Мұнай және газ министрлігі мен Қаржы министрлігінің Салық комитеті, сондай-ақ басқа министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, ғалымдар, қоғамдық бірлестіктер мен ұлттық компаниялардың өкілдері шақырылған.