Мәжілісте «Марат Оспанов және Қазақстан парламентаризмінің қалыптасуы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, қазанның 2-сі күні Парламент Мәжілісінде осы Палатаның алғашқы шақырылымының төрағасы, қоғам қайраткері Марат Тұрдыбекұлы Оспановтың 60 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар өткізіледі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы күні (сағат 12.00-де) Марат Тұрдыбекұлы Оспанов туралы жарық көрген жаңа кітаптардың таныстырылымы болады. Одан кейін (сағат 15.00-де) «Марат Оспанов және Қазақстан парламентаризмінің қалыптасуы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Айта кету керек, Марат Оспанов - Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ХІІ шақырылымының депутаты, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ХІІІ шақырылымында Төрағаның орынбасары, бірінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.

Марат Оспанов Қазақстан парламентаризмін қалыптастыруға көп еңбек сіңірген. Белгілі экономист-ғалым, «Отан» партиясының іргетасын қалаушылардың бірі әрі тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаттағы адал серігі бола білді.