Мәжілісте Мемлекеттік мәдени және ақпараттық саясаттың іске асырылу барысы туралы Үкімет сағаты өтеді

None
АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, желтоқсанның 21-і күні Мәжілісте «Мемлекеттік мәдени және ақпараттық саясаттың іске асырылу барысы туралы»  тақырыбында Үкімет сағаты өтеді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет сағатында аталған тақырып бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед баяндама жасайды. Сонымен қатар осы мәселе бойынша депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.