Мәжілісте мемлекеттік статистика мәселелері талқыланады

АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 2 сәуір күні Парламент Мәжілісінде Үкімет сағаты өтеді. Онда парламентшілер Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының дамуы,

2011 жылдың қорытындылары және 2012 жылғы жоспарларына қатысты мәселелерді талқыға салады. Бұл туралы Мәжілістің баспаcөз қыpзметінен хабарланды.

Үкімет сағатында аталған тақырып бойынша ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов баяндама жасайды деп күтіледі. Сонымен қатар баяндамашы осы мәселе төңірегінде депутаттардың сұрақтарына жауап беретін болады.