Мәжілісте мүгедектердің құқықтарына қатысты дөңгелек үстел өтеді

None
АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Наурыздың 17-сі күні Мәжілісте «Қазақстан жағдайында мүгедектердің құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл басқосуды ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңес, «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты ұйымдастырып отыр. Сондай-ақ дөңгелек үстелдің өтуіне Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасы мен Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі атсалысқан. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты ? Қазақстан мүгедектерінің құқықтары туралы БҰҰ-ның Конвенциясын бекітуі процесі шеңберінде елдегі мүгедектердің құқықтарын жүзеге асырудың перспективалары мен жай-күйін талқылау. Дөңгелек үстел аясында «Нұр Отан» ХДП фракциясының жанындағы Әлеуметтік кеңестің төрайымы А. Самақова, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Хаолянь Шу, «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институтының директоры Ж. Құсманғалиева, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Г. Ділімбетова күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз ойларын ортаға салады.Сонымен қатар «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты Құқықтық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Б. Уақбаев, «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты Экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі В.Тельнов, «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты Әлеуметтік сараптама және болжамдау бөлімінің меңгерушісі Ж. Медеуов, «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты Саяси талдау бөлімінің меңгерушісі С. Жүсіпов, Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің жауапты хатшысы Ю. Шоқаманов сөз сөйлейді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселесі жөнінде мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың ортақ көзқарасын талдап-жасау, Қазақстан мүгедектерінің құқықтары туралы БҰҰ-ның Конвенциясын бекітуі шеңберінде бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы ұсынымдар қабылданбақ.