Мәжілісте «Неке және отбасы» кодексі жобасының өзекті мәселелері талқыланады

АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат - Ертең, сәуірдің 14-інде Мәжілістің Әлеуметтік мәдени даму комитеті дөңгелек үстел өткізеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мәжілістің Әлеуметтік мәдени даму комитетінің төрайымы Динар Нөкетаеваның мәлімдеуінше, басқосуда «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» кодексі жобасының өзекті мәселелері талқыланады. Оның ішінде бала асырап алу, құрсақ ана, балалар құқығын қорғайтын өкілетті ұйым туралы жан-жақты қарастырылмақ.