деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыста аталмыш құжаттың мақсат-міндеттері жөнінде баяндаған Мәжіліс депутаты Ирак Елекеевтің сөзіне қарағанда, аталмыш құжат елдегі ең маңызды заң жобалардың бірі. Себебі ол елдегі барлық заңдар мен заң актілерінің қабылдануы мен қолданылу және күшін жою тәртібін регламенттейді. «Құжат мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ ол мемлекеттік органдардың нормативті-құқықтық актілерді қабылдау жөніндегі өкілеттіктерінің ара-жігін ажыратады. Заң жобасында мемлекеттік органдардың заң жобаларын олардың арнайы веб-сайтында орналастыруға міндеттейді. Мұндағы мақсат осы шара арқылы заң жобаларының ережелерін қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдармен және бұқара халықпен бірлесіп талқылау», деді депутат.
Отырыста құжаттың мақсат-міндеттері бойынша әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов арнайы баяндама жасап, оған қатысты мәжіліске қатысушылар өзара пікір алмасты.