Салтанатты шараны ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов ашып, қоғам қайраткерінің елі үшін атқарған қызметіне тоқталды. Осы шараға қос Палата депутаттары қатысты. ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев, Президенттік мәдени орталықтың директоры Мырзатай Жолдасбеков және басқа да шақырылған меймандар Өмірбек Арысланұлының өмірі мен мемлекетіміз үшін сіңірген еңбегі туралы ойларын ортаға салды.
Ө.Жолдасбековтың туыстары атынан ұлы Скандарбек осы кешті ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Қоғам қайраткері туралы шағын бейнекөрініс көрсетілді.