Отырыста ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов Елбасы Н. Назарбаев жыл сайынғы халыққа жолдауларында өңірлердің дамуына баса назар аударатындығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, аймақ қызметінің белсенділігін одан әрі арттыру мақсатында өңірлерді дамытудың маңыздылығын ескере отырып, оған қосымша серпін беру қажеттілігі туралы айтқанын жеткізді.
Дөңгелек үстелде, сондай-ақ, жергілікті басқару, моноқалаларды дамыту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту, Үдемелі индустриялық-иннновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанда машина жасауды жолға қою мәселелері талқыланды.