Мәжілісте онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасының жобасы талқыланады

None
АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Ертең, 6 наурыз күні Мәжілістің «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңесінің кезекті отырысы өтетін болады.

Жиын барысында «Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамыту туралы» салалық бағдарламаның жобасы туралы» мәселе қаралады деп күтілуде. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жиын барысын «Нұр Отан» ХДП фракциясы  жанындағы Әлеуметтік кеңестің төрайымы Айткүл Самақова жүргізетін болады. Сонымен қатар, бағдарлама жобасы жайында Қазақстан  Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова баяндама жасайды деп күтілуде.