Жиын барысында «Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамыту туралы» салалық бағдарламаның жобасы туралы» мәселе қаралады деп күтілуде. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
Жиын барысын «Нұр Отан» ХДП фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің төрайымы Айткүл Самақова жүргізетін болады. Сонымен қатар, бағдарлама жобасы жайында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова баяндама жасайды деп күтілуде.