Заң жобасының негізгі мақсаты - біріншіден, қолданыстағы заңнамаларға халықаралық салық салу мәселелері жөніндегі өзгерістерді енгізу. Екіншіден, қолданылуы аясында туындаған Салық кодексінің жекелеген ережелерін нақтылауға бағытталған өзгерістер болып отыр. Бұл ретте заң жобасымен резидент еместердің тұрақты мекемелерінің қалыптасу өлшемдері нақтыланады. Бұндағы назар аударылатын мәселе, резидент еместің тұрақты мекемесін тіркеу тәртібі регламенттеледі. Бұдан бөлек, резидент еместердің жекелеген табыстарына қатысты салық салу тәртіптері нақтыланады.
«Салық кодексін тәжірибеде қолдану нәтижелері бойынша оның жекелеген ережелерін нақтылау, регламенттеу және басқа заңнамалық актілермен сәйкес келтіру қажеттігі туындады. Болжанатын өзгерістер мен толықтырулар нақтылаушы сипатта және Салық кодексінің жалпы тұжырымдамасын өзгертпейді. Атап айтқанда, арнайы экономикалық аймақтың аумағында салық рәсімдерін одан әрі жеңілдету және салық режімін жақсарту мақсатында корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің есебін беру міндетінен босату көзделіп отыр», - дейді заң жобасы бойынша баяндаған депутат Сансызбай Есілов.
17:50, 13 Қаңтар 2011
Мәжілісте салыққа қатысты өзгерістер енгізілетін заң жобасының таныстырылымы болды
АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толытырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы болды.