деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасын әзірлеу қажеттілігі сауда қызметі саласындағы қолданыстағы ұлттық заңнама сауда операцияларын дамытудың ынталандыру немесе қолдау сипатынан гөрі, реттеу сипатына ие екендігінен туындаған. Құжат бойынша «Тауарлардың импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» заңға редакциялық сипаттағы түзетулер енгізіледі. Сонымен қатар «Лицензиялау туралы» заңға тарифтік квоталар, сандық шектеулер, бақылау және әкету мен әкелуге арналған айрықша құқық қолданылатын тауарлардың импортына лицензиялауды белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізуді көздейді. Сол секілді «Сауда қызметін реттеу туралы» заңға да толықтырулар қарастырылып отыр.
Бұл ретте елдің сыртқы сауда қызметін дамыту мақсатында қазақстандық тауарлардың, ұсынылатын жұмыстар мен қызметтердің экспортын дамыту және жылжыту жөнінде ереже көзделген. Жобада экспортты дамыту және жылжыту жөніндегі ұлттық ұйымның құқықтық мәртебесі, мақсаттары мен міндеттері де айқындалған. Ұлттық ұйымның негізгі миссиясы мемлекет пен жеке сектор арасындағы ұйымдастырушылық, үйлестіру және байланыстырушы рөлін орындай отырып, институционалдық қолдау жүйесін құру болып табылады. Экспортты дамыту және жылжыту жөніндегі ұлттық ұйымның мақсаттары мен міндеттерін Қазақстан Президентінің 2006 және 2007 жылдардағы шикізаттық емес экспортты сервистік қолдау институтын құру қажеттілігі туралы Жолдауларын орындау үшін құрылған «КАZNЕХ» экспортты дамыту және жылжыту корпорациясы» акционерлік қоғамы орындайтын болады. «КАZNЕХ» тұжырымдамасы Қазақстан Үкіметі жанындағы Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің 2006 жылы қарашаның 27-сінде өткен отырысында мақұлданды.
Мамандардың айтуынша, заң жобасын қабылдау сауда қызметін реттеу процесінде туындайтын қатынастарды реттеудің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, құжатты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.