Мәжілістің комитет төрағасы Қазақстан мен Швеция арасындағы сауда-экономикалық, саяси байланыстарды талдай келе Парламентаралық ынтымақтастықты өркендету жолындағы мәселелерден сөз қозғады.
Тараптардың жүздесуінде назар Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып енуі мен 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне телекоммуникация, тау-кен өндіру және ауылшаруашылығы саласының шведтік компанияларының да қатысуы жайына аударылды.
Парламенттік ынтымақтастық қатынастар жайында депутаттық топтар деңгейінде тәжірибе алмасу мен заң шығару тәжірибесін үйрені турасында да ой бөлісті.