11:15, 19 Маусым 2009
Мәжілісте статистика саласын реттеуге бағытталған заң жобасының таныстырылымы өтеді
АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Маусымның 22-сі күні Мәжілісте «Мемлекеттік статистика туралы» және соған сәйкес бірқатар заңдарға толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобаларының таныстырылымы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобалары бойынша ҚР Статистика агенттігінің төрайымы Анар Мешімбаева баяндама жасайды деп күтілуде. Осы құжаттарға байланысты құрылған жұмыс тобына Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Аманкелді Момышев жетекшілік жасайды.Бұл заң жобасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика туралы заңнамасы нормаларын қайта құрылымдауды, жүйелендіру мен жетілдіруді, толық және анық ақпарат алу үшін статистикалық қызметтің мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Негізгі мақсат ? мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін құру.Заң жобасы қоғамды, мемлекетті және халықаралық қоғамдастықты Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және экологиялық жағдайы туралы толық, анық, ғылыми негізделген және уақтылы мемлекеттік статистикамен қамтамасыз етуте бағытталған.