Мәжілістің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мәліметінше, заң жобасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін құқықтық қолдану барысында туындаған олқылықтарды жоюға бағытталған.
Заң жобасында:
- уран өндіру кезеңін ұзарту рәсімін жетілдіру;
- жер қойнауын пайдаланушыларға уран өндіру кезеңінде геологиялық құрылымдарды және уран кен орны қорларын нақтылау мақсатында өндіру учаскесін жете зерттеуді (жете барлауды) жүргізу мүмкіндігін беру;
- уран өндірудің тәжірибелік-өнеркәсіптік жобаларына қойылатын талаптар;
- уран өндіру саласындағы жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама жүргізу тетігін айқындау көзделген.
Заң жобасымен жұмыс істеу барысында жұмыс тобының мүшелері:
- жобалау құжаттарына және игеру талдауларына тәуелсіз сараптама ұйымдастыру және жүргізу шығындарын өтеуге;
- уран кен орны қорлары көлемінің өсімі бастапқы көлемнен 30 және одан да көп пайызға артқан жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаны іске асыру жөніндегі қосымша міндеттемелеріне қатысты түзетулер енгізді.